«Тіл – адамның адамдық
белгісінің зоры»


Екі жинақ – «Қырық мысал», «Маса» – қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам-тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады.
– Рымғали Нұрғалиев
Біз бүгін Ахаңның «Әдебиет танытқышын» Аристотель «Поэтикасымен» салыстырар едік. Мұның мәнісі – екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы әліп-билері. Асылы, үздік қасиеттер бір-бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-біріне солғұрлым ұқсас болады.
Зейнолла Қабдолов
Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген – Ахмет Байтұрсынұлы.
Қайым Мұхамедханов
… Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып, сүйсінеді.
Ғаббас Тоқжанов
Ахмет Байтұрсынұлы – біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан, із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының әліпбиімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың «Тіл-құралы» арқылы оқып үйренді.
Рабиға Сыздық
Алдағы уақытта Ахмет Байтұрсыновтың атын алты алаштың – бар қазақтың баласы ғана емес, алдыңғы қатарлы адам баласы білетін болады.
Қайым Мұхамедханов
… өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.
– Сәкен Сейфуллин
А. Байтұрсынұлының өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… А. Байтұрсынұлының арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады…
– Міржақып Дулатұлы
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қанжылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.
– Мұхтар Әуезов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
AHMETTANU.KZ
Санкт-Петербург
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ахметтану бөлімінің қызметкерлері (Бөлім меңгерушісі PhD Маралбек Ермұхамет, магистранттар Карбоз Әсем, Сайауышұлы Абдулазиз, Құралбай Айгерім) 2025 жылдың, 23 қазан және 1 қараша аралығында «Қазақ тілін лингвосинергетикалық, лингвоэкологиялық, лингводидактикалық аспектіде зерттеу және оның оқу мәтіні лингвистикалық негіздерін әзірлеудегі қызметі» (ЖТН BR24993133) атты бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласына ғылыми іссапарға барды.
Іссапар нәтижесінде Ресей ұлттық кітапханасының Сирек қорынан жалпы көлемі 100 GB болатын ХХ ғасыр басындағы Алаш қайраткерлері еңбектерінің фотокөшірмесі жасалып, елге жеткізілді. Атап айтқанда, Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінің кейбір басылымдарын табылды. «Баяншы» – 1912 ж. 1-басылым; «Маса» – 1912 ж. 1-басылым; «Тіл-құрал»: 2-кітап, 1915 жылғы 1-басылым; 3-кітап, 1-басылым, Міржақып Дулатұлының бастауыш мектепте бірінші және екінші жылы оқытылатын «Есеп құралының» 20-ға жуық басылымы анықталып, көшірмесі алынды.

(23 қазан-1 қараша, 2025 ж.)
www.ahmettany.kz