“Тіл-құрал”
Кітапта тұңғыш рет Ахмет Байтұрсынұлының “Тіл-құрал” еңбегі (дыбыс жүйесіне арналған) 1- кітабының 1914,1924,1927 жылғы үш басылымның факсимелесі және олардың кирил әлібиіндегі графикалық проекция жазба ақпаратты кирил графикасымен қабылдауға дағдыланып қалған оқырманға, ізденушілер мен тілтанушыларға арабграфикалы кеңістіктегі қазақ сөзінің графикалық бейнесін көрнекі көрсетуге, Ахмет Байтұрсынұлы оқулығы мәтіндерінің дәлме-дәл кирилше көшірмесін зерттеуге мүмкіндік береді.
Кітап тілтанушы ғалымдарға, зиялы қауымға, Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы мен қазақ жазуының өзекті мәселелері қызықтыратын оқырмандар мен ізденушілерге арналған.