Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты
Ахметтану бөлімі
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын арнайы, терең,
жан-жақты зерттеу мақсатында құрылды.
Бөлім ХХ ғасыр басындағы Алаш тіл білімі мен Алаш қайраткерлерінің ғылыми мұрасын зерттеуді де мақсат етеді.
Бөлім қызметкерлері
Бөлім 2021 жылы 1 маусымда құрылды
Күдеринова Құралай Бимолдақызы

«Ахметтану» бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор; қазақ тілі орфографиясы, орфоэпиясы, стилистикасы, сөзсаптамы, қазақ әдеби тілінің тарихы бағытындағы бірнеше ғылыми, ғылыми-көпшілік, оқу-әдістемелік еңбектердің авторы, «ЖОО-ның Үздік оқытушысы – 2015», «Жылдың үздік ғылыми қызметкері – 2022» құрметті атағының иегері. 4 орфографиялық, 2 орфоэпиялық сөздіктің құрастырушысы және жауапты шығарушысы. Түркі халықтарының ішінде тұңғыш рет жарық көрген 15 томдық қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігі авторларының және жауапты редакторларының бірі болып еңбек еткені үшін «Қазақстан республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2008 ж.), «Ана тілінің дамуына қосқан үлесі үшін» (2022ж.) төсбелгілерінің иегері. «Бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы» (2005ж), «Қазақ жазуының теориялық негіздері» (2010) және «Түркі тілдерінің әліпби және емле тарихы» (2016), «Қазақ шаршысөзі және жастар тілі» (2023ж. Ж.Байтелиевамен бірге) атты ғылыми монографиялары, «Қазақ жазуының тарихы мен теориясы» (2014ж.) атты оқу құралы, «Бірге ме, бөлек пе?» (2017ж.) атты оқу-әдістемелік құралы бар. Ахмет Байтұрсынұлы мүраларының сөзсаптамы, стилі, қазақ әдеби тілін дамытудағы рөлі тақырыбында зерттеу жүргізеді.
филология ғылымдарының докторы, профессор

Маралбек Ермұхамет Маралбекұлы

Ф.ғ.д., профессор З. Ахметжанованың жетекшілігімен «Қазақ тіліндегі мөлшер категориясының тарихи парадигмасы (лингвистикалық аспектіде)» тақырыбында PhD докторлық диссертация қорғап, «6D021300- Лингвистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алды. 65 ғылыми мақаланың авторы, 3 ұжымдық монографияның бірлескен авторы, 1 көптомдық шығармалар жинағының (Е.Омарұлының көптомдығы), 2 кітаптың құрастырушысы. 2017 жылғы ҚР-ның дарынды жас ғалымдарға арналған «Мемлекеттік Ғылыми стипендия» иегері. 2019 жылғы ҚР Білім және ғылым министрлігінің жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы сыйлығының иегері.
Бөлім меңгерушісі, PhD доктор

Нұрсұлтан Оразбек

1999 жылы 24 ақпанда Түркістан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келді.
2022 жылы Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжін бітірді.
Қазір Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенті. Ахмет Байтұрсынұлының ішкорпусын жетілдіру жұмыстарын жүргізеді.
Кіші ғылыми қызметкер

Карбозова Әсем Нышанәліқызы


2001 жылы 24 қазан Түркістан облысы Арыс ауданы Саналы ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, филология факультетін "В037 Филология" мамандығын үздік бітірді. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистранты. "Ahmettanu.kz" сайтын жетілдіру жұмыстарын атқарады.
Кіші ғылыми қызметкер

Ахметтану бөлімінің
Бүгіні
Ахметтану бөлімінің
Тарихы