Хабарландыру
  • "Ахмет оқулары 2024 – 2"

    2024 жыл, 5-қыркүйек

    Ахмет Байтұрсынұлының туған күні - ҚР Тілдер күніне орай Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасына арналған республикалық конференция өтеді.

  • 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

    2024 жыл,  31 мамыр

    Қазақ тіл білімін ғылым ретінде қалыптастырған, қазақ тілін функционалды стильдік тармақтарын қалыптастырған, қазақ тілін ғылым тілі, ресми іс қағаздар тілі, публицистика тілі, көркем әдеби тіл мәртебесіне көтерген күллі Алаш қайраткерлері мен кәсіби лингвисттердің рухы Бейіште шалқысын.

    Зұлмат заманда Қазақ мемлекеттігін, қазақ мәдениетін, қазақ тілін қорғау жолында жазықсыз жаладан шаһит болған Алаш қайраткерлерінің рухы бейіште шалқысын.

    Қазақ тіл білімі Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы бастаған алаш көсемдері мен Елдес Омарұлы, Телжан Шонанұлы, Құдайберген Жұбанов, және Қошке Кемеңгерұлы, Қажым Басымұлы сияқты кәсіби лингвистерге, Міржақып Дулатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Нәзір Төреқұлұлы, т.б. Алаш қайраткерлеріне бас иеді!

  • "Ахмет оқулары 2024 – 1"

    2024 жыл, 24 мамыр

    Телжан Шонановтың - 130 жыл туғанына толуына орай «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МЕКТЕБІ: ТЕЛЖАН ШОНАНОВТЫҢ ТІЛТАНЫМДЫҚ МҰРАСЫ»

    атты республикалық семинар өтеді

  • "Ахмет Байтұрсынұлының ӘЛІПБИ, ЖАЗУ. ЕМЛЕ туралы еңбектері"

    2024 жыл, 24 мамыр

    Еңбекке Ахмет Байтұрсынұлының 1911-1929 жылдарға тиесілі әліпби, жазу, емле туралы ғылыми еңбектері толық топтастырылды. Жинақ материалдары «Негізгі бөлім» және «Қосымшадан» – екі үлкен бөлімнен құралған. Негізгі бөлімде Ахмет Байтұрсынұлы жазу реформасының 3 кезеңін сипаттайтын ғылыми еңбектер 3 үлкен тарауға жинақталса, әліпби, емле үйрету әдістемесіне арналған мақалалары тағы бір тарау етіліп, жалпы 4 тарауға топтастырылды. Ал «Қосымшада» ғалымның әліпби, емле туралы еңбектерінің жазылуына тікелей түрткі болған өзге авторлардың мақалалар хронологиялық тәртіппен берілді. Жинаққа жалпы 66 бірлік енді. Бұл еңбек Ахмет Байтұрсынұлының жазу реформасының ғылыми мәні мен мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік береді.

    Кітап тілтанушы ғалымдарға, зиялы қауымға, Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы мен қазақ жазуының өзекті мәселелері қызықтыратын оқырмандарға, ізденушілерге арналған.

Мұрағат
www.ahmettany.kz