«Тіл – адамның адамдық
белгісінің зоры»


Екі жинақ – «Қырық мысал», «Маса» – қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам-тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады.
– Рымғали Нұрғалиев
Біз бүгін Ахаңның «Әдебиет танытқышын» Аристотель «Поэтикасымен» салыстырар едік. Мұның мәнісі – екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы әліп-билері. Асылы, үздік қасиеттер бір-бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-біріне солғұрлым ұқсас болады.
Зейнолла Қабдолов
Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген – Ахмет Байтұрсынұлы.
Қайым Мұхамедханов
… Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып, сүйсінеді.
Ғаббас Тоқжанов
Ахмет Байтұрсынұлы – біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан, із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының әліпбиімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың «Тіл-құралы» арқылы оқып үйренді.
Рабиға Сыздық
Алдағы уақытта Ахмет Байтұрсыновтың атын алты алаштың – бар қазақтың баласы ғана емес, алдыңғы қатарлы адам баласы білетін болады.
Қайым Мұхамедханов
… өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.
– Сәкен Сейфуллин
А. Байтұрсынұлының өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… А. Байтұрсынұлының арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады…
– Міржақып Дулатұлы
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қанжылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.
– Мұхтар Әуезов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
AHMETTANU.KZ
ҚАЗАН
(12-21 қараша, 2024 ж.)
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ахметтану бөлімінің қызметкерлері (Бөлім меңгерушісі PhD Маралбек Ермұхамет, магистранттар Карбозова Әсем, Сайауышұлы Абдулазиз, Құралбай Айгерім) 2024 жыл қараша айының 12-21 күндері аралығында «Қазақ тілін лингвосинергетикалық, лингвоэкологиялық, лингводидактикалық аспектіде зерттеу және оның оқу мәтіні лингвистикалық негіздерін әзірлеудегі қызметі» (ЖТН BR24993133) атты бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасы Қазан қаласына ғылыми іссапарға барды. Іссапар нәтижесінде:
1. Н.И. Лобачевский атындағы Қазан федералды университеті кітапханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан жалпы көлемі 30GB болатын ХХ ғасыр басына тиесілі қазақ зиялыларының еңбектерінің суреткөшірмесі жасалып, Институт қорына тапсырылды;
2. Ғалымжан Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институтында ғалымдармен кездесу өткізіліп, Институттың атқарып жатқан ғылыми жобалары мен «Қазақ тілінің Ұлттық корпусы» таныстырылды және Ахметтану бөлімінің алдағы жұмыс жоспарына қажетті оннан аса кітаптар әкелінді;
3. Ахмет Байтұрсынұлының бірнеше шығармаларының түпнұсқасы табылды: «Оқу құралы» еңбегінің еш жерде дерегі кездеспейтін 1920 жылғы басылымы; Ғалымжан Ибрагимов туралы мақаласының түпнұсқасы; «Мәдениет тарихы» туралы құнды деректер табылды.
www.ahmettany.kz