«Тіл – адамның адамдық
белгісінің зоры»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
Екі жинақ – «Қырық мысал», «Маса» – қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам-тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады.
– Рымғали Нұрғалиев
Біз бүгін Ахаңның «Әдебиет танытқышын» Аристотель «Поэтикасымен» салыстырар едік. Мұның мәнісі – екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы әліп-билері. Асылы, үздік қасиеттер бір-бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-біріне солғұрлым ұқсас болады.
Зейнолла Қабдолов
Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген – Ахмет Байтұрсынұлы.
Қайым Мұхамедханов
… Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып, сүйсінеді.
Ғаббас Тоқжанов
Ахмет Байтұрсынұлы – біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан, із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының әліпбиімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың «Тіл-құралы» арқылы оқып үйренді.
Рабиға Сыздық
Алдағы уақытта Ахмет Байтұрсыновтың атын алты алаштың – бар қазақтың баласы ғана емес, алдыңғы қатарлы адам баласы білетін болады.
Қайым Мұхамедханов
… өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.
– Сәкен Сейфуллин
А. Байтұрсынұлының өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… А. Байтұрсынұлының арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады…
– Міржақып Дулатұлы
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қанжылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.
– Мұхтар Әуезов
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
AHMETTANU.KZ
Дулатұлы М. Шығармалары / М. Дулатұлы; құраст.: М. Әбсемет, Г. Дулатова; Әдебиет және өнер ин-ты, Шығыстану ин-ты. – Алматы: Ғылым, 1996. – 1-том. – 280 б.

Жинақ 2 том болып 1996 жылы жарық көрген. Бірінші томына М.Дулатұлының көркем шығармалары топтастырылған. Шығармалар «Өлеңдер», «Мысал, айтыс, баллада», «Прозалық шығармалар», «Аудармалар» атты төрт тақырыпқа жинақталған. Әр тақырып бойынша «Азамат», «Терме», «Насихат ғмумия», «Таза бұлақ» өлеңдері; «Бүркіт кегі», «Қарақұс һәм адам», «Жұмбақ» секілді мысал, айтыстары,«Бақытсыз Жамал», «Балқия» және қысқа әңгімелері; Лермонтов, Пушкин, Ановтан аударған шығармалары енген.
Бұл томының алғы сөзін Зәки Ахметов жазған. Алғы сөзде Міржақып Дулатұлының өлеңдеріне талдау жасалған.
Дулатұлы М. Шығармалары / құраст.: М. Әбсемет, Г. Дулатова; Әдебиет және өнер ин-ты, Шығыстану ин-ты. – Алматы: Ғылым, 1997 – 2-том. 1997.– 344 б.

2 томдық жинақтың 2 томы 1997 жылы шықты. Жалпы 344 бетті құрайтын жинақ Міржақып Дулатұлының өмірбаянынан басталады. Жинақта Міржақып Дулатұлының 1907-1927 жылдар аралығында «Серке», «Қазақ», «Бірлік туы», «Еңбекші қазақ», «Тілші», «Шолпан», «Қызыл Қазақстан» газет-журналдарында шыққан «Хан Абылай», «Земство не нәрсе», «Сот ісі», «Абай» атты мақалалары берілген.
Дулатұлы М. Шығармалары/құраст.: М. Әбсемет, Г. Дулатова; – Алматы:Жазушы, 1991. – 357 б.

Бұл еңбек 1991 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан, 357 бетті құрайды. Алғы сөзін жазушы Жұмағали Ысмағұлов. Еңбек Міржақып Дулатұлының өлеңдері, қара сөздері, көсемсөздерінен тұрады. Сондай-ақ Міржақып Дулатұлының жеке фотосуреттері де топтастырылған.
Дулатұлы М. «Оян қазақ!» / құраст.: М. Әбсеметов. – Алматы: Н. Б.- Пресс – Алтын Орда, 1991. – 80 б.

Бұл 1991 жылы шыққан, 80 беттік жинақ. Міржақып Дулатұлының «Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі», «Қазақ халқының бұрынғы мәғишаты», «Һүнерменен хасыл болған нәрселер», «Сайлаулар хақында», «Қазақ жерлері», «Мәсжід-медресе хақында», «Қазақ халқына діни бір уағыз», «Һүнерін халық файдасына жұмсап жүрген оқығандарымызға», «Терме», «Таршылық хәліміз хақында аз мүнәжат», «Мүдәррис әфәндіге жазған бір мәктубім», «Жесір дағуалары хақында», «Жігіттер», «Жұмбақ», «Насихат ғумумия», «Исмағил Гаспринский жәнәбләрінің сөзі» шығармалары енген.
Дулатұлы М. Алты томдық шығармалар жинағы. 1-том: Өлеңдер, роман, пьеса, әңгімелер / Құраст.: Г. Дулатова, С. Иманбаева. – Алматы: Мектеп, 2013. – 368 б., сур.

Міржақып Дулатұлының 6 томдық шығармалар жинағы 2013 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы аясында шыққан.
Жинақтың 1 томы 368 беттен тұрады. Бұл еңбекте Мiржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!», «Азамат», «Терме» өлеңдер жинағы, жеке жинаққа енбеген өлеңдері, «Бақытсыз Жамал» романы мен «Балқия» атты пьесасы және әңгімелері енгiзiлген.
Дулатұлы М. Алты томдық шығармалар жинағы. 4-том: Ағартушылық бағыттағы еңбектері мен оқу құралдары / Құраст.: Г.Дулатова, С.Иманбаева. – Алматы: Мектеп, 2013. – 344 б., сур.

Бұл томға Мiржақып Дулатұлының ағартушылық бағыттағы еңбектерi, көп жылдық мұғалiмдiк тәжiрибесi негiзiнде жазылған оқу құралдары, оның журналистiк қызметiнде маңызды орын алатын тұрақты тақырыптардың бiрi — денсаулық сақтау мәселесiне байланысты шығармалары мен нақты кеңестерi, балаларға арналған шағын да болса тәрбиелiк мәнi зор еңбектерi енгiзiлген.
Дулатұлы М. Алты томдық шығармалар жинағы. 3-том: Көсемсөз, әдеби сын және зерттеу мақалалары, қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткіштері / Құраст.: Г. Дулатова, С.Иманбаева. – Алматы: Мектеп, 2013. – 400 б., сур.

Үшiншi томға Мiржақып Дулатұлының 1920–1929 жылдар аралығындағы мерзiмдi баспасөзде жарық көрген еңбектерi, зерттеу мақалалары, қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткіштері енгiзiлдi.
Дулатұлы М. Алты томдық шығармалар жинағы. 2-том: Көсемсөз, әдеби-сын және зерттеу мақалалары / Құраст.: Г. Дулатова, С. Иманбаева. – Алматы: Мектеп, 2013. – 392 б., сур.

Міржақып Дулатұлының 6 томдық шығармалар жинағының 2 томы 1907—1917 жылдар аралығындағы мерзiмдi баспасөзде жарық көрген еңбектерге арналады. Жинақ 392 беттен тұрады. «Біздің мақсатымыз», «Тірі жүк», «Қазақ ақыны», «Асығыс іс», «Чума жайынан» деген мақалалары топтастырылған.
Дулатұлы М. Алты томдық шығармалар жинағы. 5-том: Аудармалар, құжаттар мен деректер / Құраст.: Г.Дулатова, С. Иманбаева. – Алматы: Мектеп, 2013. – 504 б., сур.

5 томға енгiзiлiп отырған «Қылмыстық iстердi жүргiзудiң заңы», «Ақы заңы», «Ауыл шаруашылығы артелiнiң уставы» атты еңбектері.
Дулатұлы М. Алты томдық шығармалар жинағы. 6-том: – Құжаттар, хаттар және естеліктер / Құраст.: Г. Дулатова, С. Иманбаева, В. Галиев. – Алматы: Мектеп, 2013. – 440 б.

Алты томдықтың соңғы томында қазақ зиялы қауымының өкілі, “Алаш” партиясының мүшесі М. Дулатұлының, оның отбасының (әйелі, қызы, ұлы) сирек кездесетін суреттері, жары Ғ.Дулатованың Саяси Қызыл Крестің председателі Пешковаға күйеуін денсаулығына байланысты босатуды сұраған өтініші мен оған жауап хаттардың көшірме факсимилесі және т.б. енгізілген.
www.ahmettany.kz