«Тіл – адамның адамдық
белгісінің зоры»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
Екі жинақ – «Қырық мысал», «Маса» – қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам-тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады.
– Рымғали Нұрғалиев
Біз бүгін Ахаңның «Әдебиет танытқышын» Аристотель «Поэтикасымен» салыстырар едік. Мұның мәнісі – екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы әліп-билері. Асылы, үздік қасиеттер бір-бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-біріне солғұрлым ұқсас болады.
Зейнолла Қабдолов
Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген – Ахмет Байтұрсынұлы.
Қайым Мұхамедханов
… Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып, сүйсінеді.
Ғаббас Тоқжанов
Ахмет Байтұрсынұлы – біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан, із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының әліпбиімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың «Тіл-құралы» арқылы оқып үйренді.
Рабиға Сыздық
Алдағы уақытта Ахмет Байтұрсыновтың атын алты алаштың – бар қазақтың баласы ғана емес, алдыңғы қатарлы адам баласы білетін болады.
Қайым Мұхамедханов
… өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.
– Сәкен Сейфуллин
А. Байтұрсынұлының өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… А. Байтұрсынұлының арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады…
– Міржақып Дулатұлы
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қанжылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.
– Мұхтар Әуезов
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
AHMETTANU.KZ
Оқырман пікірі
  • Дария
    Шымкент қаласы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті,филология факультеті
    “Ахметтану”сайтының плюс тұстары:
    Сайттың құрылымы, жүйесі өте жақсы жасалған(түсі, шрифт, бөлімдерінің орналасуы,суреттер т.б)
    Ахмет Байтұрсынұлы туралы толық ақпарат бар, тіпті кімдер зерттеп, диссертация, мақала жариялағанына дейін тізім жасаған.
    Коференциялық жинақтар, материалдар сайтта толық бар .
    Барлық кітаптарының электронды түрін еш қиындықсыз оқи аласың, өзіңе жүктей аласың.
    Минус жақтары:
    Диссертация қоры қолжетімді болса екен. Себебі мен секілді Алматы қаласына жолы түспейтіндер үшін үлкен мүмкіндік.
    Нақты айтар минусым жоқ.
    Сайтты бастапқыда тапқан кезде қалай қуанғанымды білсеңіздер ғой) Тіл институ ұжымына, соның ішінде “Ахметтану” саласында қызмет жасап жүрген әр азаматқа айтар алғысым шексіз! Рақмет!
  • Айдай
    Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, филология факультеті
    Сайттың құрылымы маған қатты ұнады! Жинақы әрі түсінікті құрастырылған👍🏻 тек қана Ахмет Байтұрсынұлымен ғана шектелмей, тұлғаның лингвистикалық мектебіне де тоқталғансыздар! Керемет!
  • Дария
    Шымкент қаласы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті,филология факультеті
    Бір байқағаным “Тіл білімі институты” сайты дамып жатыр екен, ішіне салынып жатқан материалдарды көріп қуандым. Себебі сирек кездесетін кітаптарда бар екен және көркем әдебиетті қосыпсыздар👍
www.ahmettany.kz