Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты "Ахмет Байтұрсынұлының жазу реформасы: теориясы мен тәжірибесі" (AP13068356) атты гранттық зерттеу жобасы аясында 2024 жылдың 21-27 сәуірі аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласына Жоба жетекшісі, PhD Е.Маралбек пен Жоба орындаушысы, докторант Ә.Сейтбатқал ғылыми іссапарға барды.
Іссапар аясында жүргізілген зерттеу нәтижесінде Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы, қазақ жазуы, түркі халықтарының жазу тарихы, қазақ тарихы, Алаш қайраткерлерінің ғылыми мұрасына қатысты құнды деректер, материалдар табылып, елге жеткізілді.