«Тіл – адамның адамдық
белгісінің зоры»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
Екі жинақ – «Қырық мысал», «Маса» – қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам-тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады.
– Рымғали Нұрғалиев
Біз бүгін Ахаңның «Әдебиет танытқышын» Аристотель «Поэтикасымен» салыстырар едік. Мұның мәнісі – екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы әліп-билері. Асылы, үздік қасиеттер бір-бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-біріне солғұрлым ұқсас болады.
Зейнолла Қабдолов
Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген – Ахмет Байтұрсынұлы.
Қайым Мұхамедханов
… Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып, сүйсінеді.
Ғаббас Тоқжанов
Ахмет Байтұрсынұлы – біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан, із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының әліпбиімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың «Тіл-құралы» арқылы оқып үйренді.
Рабиға Сыздық
Алдағы уақытта Ахмет Байтұрсыновтың атын алты алаштың – бар қазақтың баласы ғана емес, алдыңғы қатарлы адам баласы білетін болады.
Қайым Мұхамедханов
… өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.
– Сәкен Сейфуллин
А. Байтұрсынұлының өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… А. Байтұрсынұлының арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады…
– Міржақып Дулатұлы
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қанжылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.
– Мұхтар Әуезов
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
AHMETTANU.KZ
Елдес Омарұлы – физик, математик, қоғам қайраткері, педагог, публицист, аудармашы, лингвист ғалым, тіл білімінің көптеген саласымен, фонетика, жазу теориясы, емле, терминология, тілді оқыту әдістемесі, стилистика, морфология, синтаксис, соның ішінде сөйлем, сөз тіркесі синтаксисі мәселелерімен терең айналысқан біртуар ғалым. Қазақ тіл білімінің А.Байтұрсынұлынан кейінгі негізін қалаушылардың бірі. А.Байтұрсынұлының шәкірті және лингвистикалық мектебінің ең ірі өкілі. Елдес Омарұлы жаңаша жыл санауы бойынша 1893 жылы наурыздың 14 күні Қостанай өңірінің Тобыл болысында, қазіргі Бейімбет Майлин ауданына қарасты Қожай ауылында туған. Кейбір ресми деректерде ескіше жыл санауы бойынша 1892 жылы 29 ақпанда немесе наурыздың 1 күні туған деп те көрсетіледі. Сүйегі Орта жүздің қыпшақ руынан, хат сауаты бар, ел ішінде беделді, текті тұқымнан шыққан. Ол сауатын ауыл молдасынан ашқан соң, Ыбырай Алтынсарыұлы ашқан Қостанайдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде (Училище) білім алып, 1907 жылы бітіреді. Сол жылы Орынбордағы орыс-қазақ мұғалімдер институтына түсіп, оны 1911 жылы үздік бітіріп шығады. Институтты бітіргеннен кейін оның қоғамдық қызметі басталады. Алғашында Добай ауылында мұғалiм болып жұмыс iстейдi. 1914-1917 жылдары жергiлiктi соттың кеңсесiнде қызмет атқарған. 1918-1919 жылдары Қазақтың тұңғыш мемлекеттігі Алашорда автономиясын құруға атсалысады. Уақытша үкіметтің Торғай уездік комиссарының көмекшісі, Торғай облыстық азаматтық комитетінің төрағасы, Торғай облыстық земствосы төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды. Алашорда Үкіметі құрылған тұста Қостанай уездік Алашорда комитетінің төрағасы ретінде жергілікті халықты Алаш автономиясын қолдауға шақырды. Бірінші және екінші Жалпықазақ сиездеріне қатысады. Бұл жылдары ғалым өзін қазақтың ұлттық мемлекеттігін құруға атсалысқан мемлекет қайраткері ретінде де танытады. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ тілінің емле, жазу мәселесі Елдес Омарұлының меншікті тақырыптарының бірі болды. А.Байтұрсынұлы ашқан қазақ тілінің заңдылықтарын қорытындылай келе, оны жазу теориясында мықтап кәдеге жаратады. Емле мәселесі төңірегінде А.Байтұрсынұлы көбіне ерікті Елдеске береді. Ғалымның емле мәселесіне тіпті тереңдеп енгені сонша, кей тұстары А.Байтұрсынұлының өзі Елдеспен санасып отырған. Елдес Омарұлы Байтұрсынұлының тілдік мұраларын терең меңгерген, соны ұстанған ғалымдардың бірі болды. Айталық, қазақ тілін жуан-жіңішкелігіне қарай 43 дыбысқа бөлуі, қазақ тілінің заңдылықтары сияқты тақырыптарда айтқан ойлары негізін Ахмет Байтұрсынұлынан алады. Бұл Елдестің Ахметке көзсіз табынуынан емес, шын ғұламаның тіл ғылымында ашқан ақиқатына ғалым ретінде көз жеткізе білуінен еді.
Елдес Омарұлы
www.ahmettany.kz