Ахмет оқулары

АХМЕТ ОҚУЛАРЫ – 2020

2020 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында «Ахмет оқулары» тілтанымдық алаңы ұйымдастырылды.

«Ахмет оқулары» алаңының басты мақсаты – отандық лингвистикалық ойды дамыта отырып, ұлттық тіл ғылымының негізін қалаушы, қазақ тілінің реформаторы, Алаш қозғалысының ғана емес, ХХ ғасыр басындағы барлық зиялы қауымның, бүгінгі қоғамымыздың, ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын тануға, зерттеуге, қазіргі заманауи лингвистикалық бағыттар, әдістер тұрғысынан өзектілендіріп отыруға және насихаттауға арналады.

Төменде 2020-2023 жылдарда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында «Ахмет оқулары» тілтанымдық алаңы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар бағдарламасы, видеожазбалары және зерттеу материалдары жарияланған жинақтардың ПДФ нұсқасы беріліп отыр.

АХМЕТ ОҚУЛАРЫ – 2021
Жинаққа Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Ахмет оқулары» атты тұрақты Тілтанымдық алаңы аясында 2021 жылы атқарған жұмысының нәтижесінде әзірленген халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары еніп отыр. Жинақ екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Әлихан Бөкейханның тілдік тұлғасына арналған «Әлихан Бөкейханның тілдік тұлғасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары, екінші бөлімде «ХХІ ғасырдағы тілтанымдық білімдер контексіндегі тарихи фонетика» халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдарының мәтіні берілді. Материалдар Алашорда үкіметінің көсемі болған аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жан-жақты энциклопедиялық білім иесі, ормантанушы, публицист, экономист, аудармашы ғалым болумен қатар қазақ тілінің дамуына да елеулі үлес қосқан ірі саяси тұлға Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның ұлт тілі үшін жасаған күресі, сөзсаптамы, эпистолярлық мұрасы, тілдік тұлғасындағы ұлттық таным, публицистикалық шығармалары, астрономиялық терминдерінің уәждемесі мен ХХІ ғасырдағы тілтанымдық білімдер контексіндегі тарихи фонетиканың ғылыми жаңалықтары бүгінгі ғылыми таным мен жаңа ізденістер тұрғысынан зерттеп, сараптауға арналған.
АХМЕТ ОҚУЛАРЫ – 2023
www.ahmettany.kz