«Тіл – адамның адамдық
белгісінің зоры»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
Екі жинақ – «Қырық мысал», «Маса» – қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам-тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады.
– Рымғали Нұрғалиев
Біз бүгін Ахаңның «Әдебиет танытқышын» Аристотель «Поэтикасымен» салыстырар едік. Мұның мәнісі – екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы әліп-билері. Асылы, үздік қасиеттер бір-бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-біріне солғұрлым ұқсас болады.
Зейнолла Қабдолов
Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген – Ахмет Байтұрсынұлы.
Қайым Мұхамедханов
… Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып, сүйсінеді.
Ғаббас Тоқжанов
Ахмет Байтұрсынұлы – біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан, із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының әліпбиімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың «Тіл-құралы» арқылы оқып үйренді.
Рабиға Сыздық
Алдағы уақытта Ахмет Байтұрсыновтың атын алты алаштың – бар қазақтың баласы ғана емес, алдыңғы қатарлы адам баласы білетін болады.
Қайым Мұхамедханов
… өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.
– Сәкен Сейфуллин
А. Байтұрсынұлының өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… А. Байтұрсынұлының арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады…
– Міржақып Дулатұлы
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қанжылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.
– Мұхтар Әуезов
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
AHMETTANU.KZ
Ахметтануға қатысты Тіл білімі институты мамандарының сұхбаттары
Әзербайджанның Баку қаласынан 1926 жылы Бүкілодақтық 1-түркологиялық құрылтайда түсірілген Ахмет Байтұрсынұлының түпнұсқа бейнежазбасының табылуына байланысты Институт директоры Анар Фазылжанның берген сұхбаты «Алматы телеарнасының» түсірілімі. 09.09.2022
Әзербайджанның Баку қаласынан 1926 жылы Бүкілодақтық 1-түркологиялық құрылтайда түсірілген Ахмет Байтұрсынұлының түпнұсқа бейнежазбасының табылуына байланысты Институтта өткен баспасөз мәжілісінен «Қазақстан Ұлттық телеарнасының» түсірілімі. 09.09.2022
Әзербайджанның Баку қаласынан 1926 жылы Бүкілодақтық 1-түркологиялық құрылтайда түсірілген Ахмет Байтұрсынұлының түпнұсқа бейнежазбасының табылуына байланысты Институтта өткен баспасөз мәжілісін «Алматы телеарнасының» түсірілімі. 09.09.2022
Ресейдің Мәскеу қаласындағы Ресей мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мұрағатынан белгілі қазақ зиялысы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің бейне жазбасының табылуына байланысты «Қазақстан ұлттық арнасы» «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбаты. 01.11.2023
«Абай TV» арнасы, «Bookwill» жобасы бойынша Ермұхамет Маралбектің Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы берген сұхбаты.
«Жібек жолы» арнасы, «Ел» бағдарламасында Алаш қайраткерлері А.Байтұрсынұлы мен М.Тынышбаев туралы берген Ермұхамет Маралбектің сұхбаты. 01.06.2023
«Абай TV» арнасы, «Сана» бағдарламасы «Ахмет Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басында съездер» атты арнайы хабарда берген Ерұмхамет Маралбектің сұхбаты. 05.07.2022
Ахметтануға қатысты сұхбаттар
«Abai.tv» арнасы, «Сана» бағдарламасы «Ахмет Байтұрсынұлы» атты тақырыпта Шерубай Құрманбай, Анар Салқынбай, Орынай Жұбай, Ұлан Еркінбайдың берген сұхбаты. 14.04.2022
«Abai.tv» арнасы, «Беймәлім дерек. Ахмет Байтұрсынұлы» атты тақырыпта Жетпісбай Бекболатұлы, Өмірхан Әбдиманұлы, Орынай Жұбай, Райхан Имаханбеттің берген сұхбаты. 02.10.2020
www.ahmettany.kz